Құқық қорғау органдары тарапынан жедел шаралар қабылданды
Бүгінде шымкент қаласында «Құқықтық сананың деңгейін арттыру» бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Заңның үстемдігі мен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясаты, «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында бірқатар шаралар атқарылуда. Мемлекет тарапынан қабылданған бұл шаралар қоғам мүшелерінің құқықтық мәдениетін жоғарылатуға, сонымен қатар құқықбұзушылықтарды алдын алу мен құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Дегенмен, барлық атқарылған жұмыстарға қарамастан, заңға құлақ аспай қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдайлар әлі де кездесіп жатыр. Әсіресе түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын сауық орталықтары, дәмханалар мен мейрамханаларда құқық бұзушылықтарға жол берілуде. Осы саладағы проблемаларды шешу үшін билік халықты құқықтық білім мен тәртіпке шақыра отырып, түрлі профилактикалық шараларды ұйымдастыруда.
Түнгі ойын сауық орындарында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, әсіресе алкоголь тұтыну, нашақорлық, және қоғамдық орындарда тәртіп бұзу мәселелері өте өткір. Бұл жағдайлар қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, қала тұрғындарының тыныштығын бұзуда. Осыған орай, құқық қорғау органдары жедел шаралар қабылдап, заңды бұзған азаматтарға қатысты қатаң шаралар қолдану арқылы «нөлдік төзімділік» саясатын іс жүзіне асыруда.
Құқықтық сананы арттырудың маңызды аспектілерінің бірі – халықтың құқықтық білімін көтеру. Заңды білмейтін азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін түсінбеуі мүмкін, бұл құқық бұзушылыққа жол беруге әкеп соғуы әбден кәдік. Сондықтан, мектептер мен оқу орындарында құқықтық білім беру курстарын енгізу, тұрғындарға құқық қорғау органдарымен бірге семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру маңызды.
Сонымен қатар, «Қауіпсіз қоғам» жобасының аясында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жергілікті тұрғындардың белсенділігін арттырудың маңызы зор. Азаматтар өз айналасындағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, құқықбұзушылықтар туралы уақытында хабарлап отыруы тиіс. Осылайша, құқық қорғау органдары мен қоғамның өзара ынтымақтастығы арқылы ғана құқықтық тәртіпті сақтауға қол жеткізуге болады.
Күні кеше Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында орналасқан «Coffee Boom» кафесінің қызметі анықталған құқық бұзушылықтарға байланысты уақытша тоқтатылды. Жыл басынан бері аталған мекеме бойынша полицияға «102» арнасы арқылы 53 шақырту келіп түскен. Профилактикалық іс-шаралар барысында 1 қылмыстық (бұзақылық) және 29 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Сонымен қатар, тексеру барысында мекемеде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің болғаны анықталды.
Құқық бұзушылықтардың қайталануына байланысты полиция тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданып, мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. Полиция қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол берілмейтінін ескертеді.
Болашақта құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында құқықтық сана мен құқыққорғаушылықты насихаттау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдау арқылы Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі артпақ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қараша 2026