Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды: полиция күдіктіні ұстады

kz.kursiv.media

ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды: полиция күдіктіні ұстады

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тағы бір студент қаза тапты. Университеттің баспасөз қызметі мәліметті растады. Қайтыс болған студент бірінші курста оқыған.

Әлеуметтік желілерде тараған алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға түнгі уақытта болған. Марқұм жігіт география факультетінде оқыған. Оқиғаға жастар арасындағы төбелес немесе суицид себеп болуы мүмкін. Алайда ресми органдар әзірге бұл болжамдардың ешқайсысын растаған жоқ.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

«Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полициядан.

ҚазҰУ басшылығы мен ұжымы қайтыс болған студенттің отбасына қажетті материалдық және моральдық қолдау көрсетіп жатыр.

Оқу орны география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-анасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр. Университет жағдайды объективті қарастыруға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ұлттық университетте соңғы екі апта ішінде екінші студент қайтыс болып отыр. 6 қараша күні кешке ҚазҰУ студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапқан еді. Бойжеткен Алматыға Шымкенттен оқуға келген. Оның өліміне қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар