Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы әуежайында ішкі рейстерге арналған жаңартылған терминал ашылды

kz.kursiv.media

Алматы әуежайында ішкі рейстерге арналған жаңартылған терминал ашылды

Алматы әуежайында ішкі рейстерге арналған Т1 терминалын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бір жылға созылған жөндеу кезінде тіркеу және тексеру аймақтары, багаж жүйесі, күту залдары жаңартылды. Сондай-ақ VIP залдар ашылып, жолаушыларға арналған басқа да жағдайлар жақсартылды. Жаңартылған терминалдың ашылу рәсіміне Kursiv тілшісі қатысып, қандай өзгерістер болғанын көріп қайтты.

Премьер-министрдің орынбасары, көлік министрі Әсел Жанасованың айтуынша, әуежайды жаңарту жолаушыларға ұшуды қолайлы етіп, Алматының аймақтағы ірі көлік орталығы ретіндегі орнын нығайтуға көмектеседі.

«Жаңартылған терминалдың ашылуы – осы жұмыстың нақты нәтижесі. Қазақстанның іскерлік және қаржы орталығы саналатын Алматы үшін әуежайды дамыту өте маңызды. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қаланың туристік және іскерлік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ оның аймақтағы ірі авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді», – деді министр.

Іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты. Оның сөзінше, терминалды жаңарту әуежайды заманауи әрі жолаушыларға ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Терминалға экскурсия кезінде жаңартылған тіркеу және тексеру аймақтары, күту залдары мен багаж жүйесі таныстырылды. Ұшаққа отырғызатын сегіз шығу жолының барлығы жаңартылып, үш телескопиялық трап орнатылған. Дәретханалар жөнделіп, жаңа дүкендер мен тамақтану орындары ашылған.Сонымен қатар жолаушыларға арналған екі жаңа VIP зал іске қосылды. Оның бірі ұшып кететін, екіншісі әуежайға келетін жолаушыларға арналған.

Салтанатты рәсімде TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Серкан Каптан жөндеу кезінде көрсеткен түсіністігі үшін жолаушыларға алғыс айтты. Оның сөзінше, жаңғырту жұмыстары терминалдағы қызмет көрсету сапасы мен жұмыс тиімділігін арттыруға тиіс. Енді терминал жылына 9 млн жолаушыға қызмет көрсете алады.

«2024 жылы біз жаңа халықаралық терминалдың құрылысын аяқтап, оны аштық. Ал осы жобаның арқасында ішкі рейстер терминалындағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен жұмыс тиімділігін ең жоғары халықаралық стандарттар деңгейіне жеткіздік. Алматы әуежайына инвестиция салуды және оны Орталық Азиядағы басты авиациялық хаб ретінде дамытуды жалғастырамыз», – деді Серкан Каптан.

Оқи отырыңыз: Air Astana ішкі рейстерге тіркеуді Алматы әуежайының Т-1 терминалына қайтарады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар