Көкшетауда «тиімді бағамен» көлік алмақ болғандар 41 млн теңгеден айырылды
Көкшетаудың бес тұрғыны аукционнан арзан бағамен автокөлік сатып алу үшін таныстарына 41 млн теңгеден астам ақша берген. Алайда уәде етілген көліктерді де, өз ақшаларын да қайтара алмады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық схемасын 2023 жылы бастаған. Ол туыстары мен таныстарына Астанадағы аукционнан нарық бағасынан төмен бағамен көлік алып беремін деп сендірген.
Күдікті азаматтардың сеніміне кіру үшін ақыны кезең-кезеңімен төлеуді ұсынған: алдымен бастапқы жарна, ал қалған сома көлік қолға тиген соң берілуі тиіс болған. Осылайша, жәбірленушілердің бірі – 38 жастағы қала тұрғыны оған 11 млн 559 мың теңге табыстаған. Жалпы үш жыл ішінде күдікті бес адамнан 41 млн теңгеден астам қаражат жинап алған.
Алданған тұрғындар полицияға арызданғаннан кейін ер адам тергеуден жасырынып, оған іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Тәртіп сақшылары тіпті жақын таныстармен мәміле жасасқан кезде де құжаттарды ресми түрде рәсімдеуге және нарықтан тым арзан ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады.
Айта кетейік жақын арада Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтармен күресетін арнайы сайтты іске қосты.
- Соңғы
- Қараша, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қараша 2026