Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Парсы шығанағында мұнай төгілген: теңіз әлеміне қандай қауіп төніп тұр

kz.kursiv.media

Парсы шығанағында мұнай төгілген: теңіз әлеміне қандай қауіп төніп тұр

Рас-әл-Хайма мен Шарджа аймақтарында зақымданған танкерлерден мұнайдың ірі көлемде төгілуі Біріккен Араб Әмірліктерінің бірегей теңіз экожүйелеріне қауіп төндірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Апаттың салдары жағажайларда түсірілген бейнежазбалар мен спутниктік суреттерден анық байқалады. Атап айтқанда, Еуропалық одақтың Copernicus Sentinel-2 бағдарламасы мұнай төгілуінің ауқымын тіркеген.

Оксфорд университеті, Сауд Арабиясындағы Король Абдалла атындағы ғылым және технология университеті және Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің Мубадала климат және қоршаған орта ғылымдары орталығының биологтары дабыл қағып жатыр.

Парсы шығанағы Ормұз бұғазы арқылы мұхитпен су алмасуы шектеулі, таяз әрі тұйық теңіз. Жағдайды аймақтағы күрделі табиғи оқиғалар одан әрі ушықтырып отыр. Жаз мезгілінде су температурасы 35 градустан асып, тұздылық деңгейі жоғарылайды, ал оттегі мөлшері төмендейді. Мұндай жағдайда теңіз ағзалары антропогендік ластанудың қосымша қысымына төтеп бере алмайды.

Өңірде маржан рифтері, теңіз шөптері, мангр ормандары, лайлы жағалаулар сияқты ерекше табиғи мекендер көп.

Мұнай төгілуінің салдарынан балықтардың, скаттар мен акулалардың кемінде 35 түріне жойылып кету қаупі төніп тұр. Тағы 15 түр жойылу қаупіне жақын санатқа жатқызылған. Бұл туралы халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) деректерінде айтылған.

Мұнай мангр ормандарына да орасан зиян келтіреді. Ол ағаштардың тыныс алу тамырларын бітеп, олардың тіршілігіне кері әсер етеді.

Тағы да оқыңыз: Араб Әмірліктерінде танкерден мұнай төгілуіне байланысты жағажайлар жабылды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар