Елорданың әкімі LRT-ның екінші кезеңі іске қосылатын мерзімін атады
Астанада Қосшы бағытындағы LRT желісінің екінші кезеңінің құрылысын аяқтап, қозғалысты 2027 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта Қосшы бағытындағы Tarlan Astana желісінің екінші кезеңі қарқынды салынуда. Сонымен қатар, Айтматов көшесі мен Тұран даңғылы бойындағы желінің құрылысы да белсенді басталмақ.
«Осы жылдың соңына дейін және келесі жыл бойы құрылыс жұмыстарына байланысты Сығанақ, Айтматов көшелері мен Тұран даңғылында жүргізушілер үшін уақытша қолайсыздықтар болады. Дегенмен біз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін барынша күш саламыз», – деп жазды қала әкімі.
Жеңіс Қасымбек екінші кезектегі №201, 202 және 204 станцияларының құрылыс барысымен де танысты. Сығанақ көшесінің бойындағы №201 станцияда №2 және №3 желілер қиылысатын екі деңгейлі ауысып отыру торабы салына бастады – мұнда жолаушылар далаға шықпай-ақ бір бағыттан екіншісіне ауыса алады.
Әкімнің айтуынша, екінші кезең аяқталғаннан кейін көлік жолдарына түсетін жүктеме азайып, көшелердің өткізу қабілеті артады. Айта кетейік, бүгінде Tarlan Astana жолаушылар ағыны 13,8 миллион сапарға жеткен.
- Соңғы
- Қараша, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қараша 2026