Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқушы сыныптасының телефонымен «терроризм туралы» жалған хабарлама берген

kz.kursiv.media

Оқушы сыныптасының телефонымен «терроризм туралы» жалған хабарлама берген

Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасының телефонын жасырын пайдаланып, шұғыл қызметке теракт дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат берген. Полиция жасөспірімді анықтап, қылмыстық іс козғады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, сабаққа кешіккен оқушы спорт залда иесіз жатқан телефонды көріп, салдары туралы ойланбастан шұғыл қызметке қоңырау шалған.

Павлодар қалалық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров террорлық акт туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ал кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерінің кепілгерлігіне берілгенін хабарлады.

Айта кетейік, терроризм туралы жалған хабарлама бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шұғыл қызметтердің жалған шақыртуға жұмсаған барлық шығыны қылмыс жасаған адамнан немесе оның заңды өкілдерінен (ата-анасынан) өндіріледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар