Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы «Жас Отау» неке қию сарайы қайтадан аукционға шығарылды

kz.kursiv.media

Алматыдағы «Жас Отау» неке қию сарайы қайтадан аукционға шығарылды

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы Абай даңғылында орналасқан «Жас Отау» Неке қию сарайы мен ғимарат жанындағы фонтанды қайтадан сауда-саттыққа қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

E-Qazyna мәліметінше, тендер 12 қараша күні сағат 10:00-де өтеді. Өтінімдер сонымен қатар сол күннің сағат 9:55-іне дейін қабылданады. Кепілдік жарна мөлшері 1 950 472 теңгені құрайды. Қатысушылар есепшотта кемінде 2 млрд теңгенің бар екенін банк үзіндісімен немесе анықтамасымен дәлелдеуі тиіс.

Конкурста басқарудан түсетін таза табыстың ең аз үлесін сұраған қатысушы жеңіске жетеді. Сыйақының шекті мөлшері 50%-ды құрайды. Егер тендер талаптарына тек бір қатысушы ғана сай келсе, нысан соған берілуі мүмкін.

Болашақ басқарушы шартқа қол қойылғаннан кейін екі жыл ішінде сарайды пайдалануға беріп, осы мерзімге дейін нысанға кемінде 2 млрд теңге инвестиция салуы керек. Алғашқы алты айда ол реставрация жобасын әзірлеп, оны Мәдениет басқармасымен келісуге міндетті. Жұмысты тарихи және мәдени ескерткіштерді реставрациялауға лицензиясы бар ұйым жүргізуі тиіс.

Тендер талаптары бойынша басқарушы мына міндеттерді орындауы қажет:

Сарайда неке қию мұражайы, салтанатты тіркеу аймағы, банкет залы, фотоаймақ, сондай-ақ күйеу жігіт пен қалыңдыққа арналған бөлек бөлмелер қарастырылған. Пайдалануға берілгеннен кейін сарайды жабдықтауға және жұмысқа дайындауға тағы үш ай уақыт беріледі. Мұражай мен іргелес аумақ келген қонақтар үшін ашық болады. Тек жеке салтанатты шаралар кезінде ғана кіруге шектеу қойылуы мүмкін.

2025 жылы сарай «Jar Jar Almaty» ЖШС-не 10 жылға беріліп, 1 млрд теңге инвестиция салу міндеттелген еді. Алайда компания уәдесін орындамағандықтан, 2026 жылдың қыркүйегінде әкімдік келісімшартты бұзып, жөндеуді тоқтатты.

2016 жылы да басқа басқарушымен жасалған 20 жылдық келісім дәл осылай міндеттемелер орындалмаған соң сот арқылы тоқтатылған болатын.

Айта кетейік, ғимарат 1971 жылы ашылған. Бұл — Қазақстанда арнайы неке тіркеу үшін салынған алғашқы нысан. Сарай жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне кіреді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар