Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абу-Дабидегі келіссөздердің екінші күні: Украина АҚШ-тың ұсынысынан бас тартты

kz.kursiv.media

Абу-Дабидегі келіссөздердің екінші күні: Украина АҚШ-тың ұсынысынан бас тартты

Абу-Дабидегі келіссөздердің екінші күні аяқталды. Украина билігі АҚШ-тың Донецк пен Луганск облыстарының әкімшілік шекарасын қайта қарау туралы ұсынысына келіспеді. Бұл туралы келіссөздерге жақын дереккөзіне сілтеме жасаған The Telegraph басылымы жазады.

Редакция дерегінше, америкалықтар аумақтық келісімге келуді ұсынған. Яғни Донецк және Луганск шекараларын өзгертіп, сол арқылы Ресей Донбасстағы соғыс линиясын бақылауына алуы керек. Сонда ұстап отырған қалалары Украинаның өзінде қалады. Бірақ Киевтен барған делегация де-факто да, де-юре де бұл келісімге келмейтінін білдірді.

Кей басылымдардың жазуынша, келіссөздер бүгін аумақтық тұтастыққа қатысты болуы керек. Әзірге делегация өкілдері келіссөздерде не айтылып жатқанын ашып айтпады, барлығы жабық режимде өтіп жатыр.

Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздер 10 қарашада Абу-Дабиде басталған. Ресей делегациясын Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Украина делегациясының басшысы – сыртқы барлау қызметінің жетекшісі, бұрынғы қорғаныс министрі Рустем Умеров.

АҚШ атынан келіссөздерге президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен АҚШ-тың бейбіт миссиялар жөніндегі арнайы өкілі Джаред Кушнер қатысады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар