Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында су тасқындарының алдын алуға 5,5 млрд теңге бөлінді

kz.kursiv.media

Ақмола облысында су тасқындарының алдын алуға 5,5 млрд теңге бөлінді

Үкімет Ақмола облысында су тасқынының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына 5,5 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Kursiv.Media ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған үш жобаны 2027 жылғы су тасқыны кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қаражат Қалқұтан өзенінің арнасын тазартуға, Основное бөгеніндегі шлюз-қақпаларды жөндеуге және Иванковская бөгенін реконструкциялауға бағытталған.

Атап айтқанда, Астрахан ауданындағы Қалқұтан өзенінің арнасын тереңдету, тазарту және түбін нығайту жұмыстарына 4,4 млрд теңге бөлінді. Өзеннің жалпы ұзындығы 20,8 шақырым болатын үш учаскесі тазартылып, Ескі Қалқұтан және Қалқұтан ауылдарында екі топырақ бөгеті салынады.

Сонымен қатар Шортанды ауданындағы Основное бөгенінің шлюз-қақпаларын жөндеуге 793,7 млн теңге бағытталды. Жоба аясында тасқын суды өткізуге арналған су ағызу арнасы салынып, Жолболды өзені арнасындағы топырақ бөгеті таспен нығайтылады.

Ал Бұланды ауданындағы Иванковская бөгенін реконструкциялау жұмыстарына 314,1 млн теңге қарастырылған. Жоба бойынша ұзындығы 49 метр болатын су ағызу құрылысы мен алты су қабылдау камерасы толық қалпына келтіріледі. Бұл қарғын су ағынын сенімді әрі дәл бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту су тасқыны қаупін азайтуға, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су басудан қорғауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет 2027-2029 жылдары 842 жобаға 9,2 трлн теңге мемлекеттік инвестиция құюы мүмкін екенін хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар