Алатауда Нарынқол картобынан жасалған Lay’s чипсилерінің алғашқы қаптамасы шықты
PepsiCo компаниясы қазақстандық картоптан жасалған Lay’s чипсиін шығарды. Жаңа өнім Алматы облысындағы жаңа зауытта өндірілген. Бұл туралы Finmentor.kz телеграм-арнасының авторы Арман Батаев жазды.
Жаңа зауыт Алатауда орналасқан, оның құрылысына 360 млн доллар инвестиция салынған.
Зауыт ресми түрде 2027 жылы ашылуы керек, ал 2028 жылы толық қуатына шығады. Іске қосылғаннан кейін бұл кәсіпорын снек өндірушілер арасындағы ең ірі зауыттың бірі болмақ дейді PepsiCo өкілдері.
Жаңа нысан жыл сайын 210 мың тонна картоп өндіре алады. Ол шикізаттан 70 мың тонна дайын өнім шығармақ.
Бұл зауыт туралы редакция былтыр жазған еді. Сол кезде облыс әкімдігі нысанды Орталық Азиядағы ең үлкен зауыт деп таныстырып, Нарынқол картобының шикізатқа айналатынын айтқан.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026