«Қатысым жоқ»: Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады
Белгілі қазақстандық футболшы, «Жеңіс» ФК бас директоры Давид Лория әкесі – «Қызылжар» клубының бұрынғы басшысы Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жариялануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
«Аталған клубтардың қызметіне және басылымдарда жазылған оқиғаларға ешқандай қатысым жоқ екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, ҚР заңнамасына сәйкес, кінәсі заңды түрде дәлелденгенге дейін ешкім де кінәлі деп саналмайтынын (айыпсыздық презумпциясы) еске салғым келеді», – деді Давид Лория.
Ол туған қаласында спорт инфрақұрылымын дамыту жобаларын жалғастыра беретінін айтып, әрдайым патриотизм мен қоғам алдындағы жауапкершілікті басшылыққа алатынын жеткізді.
Еске салсақ, 8 қарашада Бас прокуратураның құқықтық статистика порталында Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Ал 11 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) оның бюджет қаражатын жымқырды және салықтан жалтарады деген күдікке ілінгенін хабарлады. Іс бойынша жалпы шығын сомасы 414 миллион теңгеден асады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026