Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Stadler вагоны отандық өнім бе: компания өкілі жауап берді

kz.kursiv.media

Stadler вагоны отандық өнім бе: компания өкілі жауап берді

Қазақстанда шығарылатын Stadler вагондарының шанағына пайдаланылатын болат металдың шамамен 60%-ы отандық өнім. Сонымен қатар вагон өндірісінде елде өндірілген алюминий де пайдаланылады. Бұл туралы Stadler Kazakhstan компаниясының коммерциялық директоры Сергей Леонтьев мәлімдеді.

Оның айтуынша, вагон өндірісіндегі негізгі технологиялық операциялардың басым бөлігі Астанадағы зауытта жүзеге асырылады. Қазір тек алюминийді дәнекерлеу мен бояу жұмыстары Қазақстанда жолға қойылмаған. Компания бұл өндірісті келесі жылы іске қосуды жоспарлап отыр.

«Алюминийді дәнекерлеу және бояу жұмыстары келесі жылы іске қосылады. Осыдан кейін өндірістік цикл толығымен Қазақстанда, Астанадағы зауытымызда аяқталады», – деді Сергей Леонтьев.

Компания өкілінің сөзінше, вагондар өндірісінде әртүрлі елдерден жеткізілетін алюминий пайдаланылады. Олардың қатарында Қазақстанда өндірілген алюминий де бар.

«Қазақстан осы материалды өндіру бойынша жетекші елдердің бірі. Алайда алюминийді технологиялық өңдеу Қазақстандағы зауыттарда да, шетелде де жүзеге асырылады. Сондықтан оның пайыздық үлесін анықтау оңай емес», – деп түсіндірді ол.

Сергей Леонтьевтің айтуынша, алюминийді дәнекерлеу және бояу өндірісі іске қосылып, жеткізу тізбегі толық қалыптасқаннан кейін компания отандық материалдардың үлесі туралы нақты мәлімет бере алады.

Еске салайық, Қазақстанда құрастырылған Stadler жолаушылар вагондары бүгін, 11 қарашада, алғаш рет жолға шықты. Жаңа құрам Астана мен Алматыны жалғайтын №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызына тіркелді.

Тағы да оқыңыз: Жаңа Stadler пойызында әйелдер вагоны бола ма

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар