Меган Марклдың әкесін балалар порнографиясын сақтады деген күдікпен ұсталды
АҚШ-та федералды агенттер 82 жастағы Томас Марклды тұтқындады. Ол – Ұлыбритания ханзадасы Гарридің жұбайы, Сассекс герцогинясы Меган Марклдың әкесі. Томас Марклды балалар порнографиясына қатысы бар деген күдікпен қамауға алған деп жазады Associated Press және The Sun.
Бұған дейін полиция ер адамның үйінде тінту жүргізіп, балаларға сексуалды зорлық жасағаны бейнеленген түрлі фотолар тапқан. Арызды Марклдың ұлы Томас Маркл түсірген.
2025 жылы Томас Маркл ауырып жатқанда, ұлы жанына көшіп келіп, күтім жасаған. Сол кезде әкесінің үйінен қораптардан балалар порнографиясы бар жүздеген суреттер тапқан.
«Оны көріп жүрегім айныды. Барлығы заңсыз жасалғанын түсіндім», – деген ол бірден ФБР және Пенсильвания полициясына арыз түсірген.
Бұл іске қатысты Меган Маркл да пікір білдіріп, «қатты күйзелгенін» айтты. Оның сөзінше, әкесі денсаулығына қатысты 2018 жылы болған тойына қатыспағаннан кейін араласпай кеткен.
Томас Марклдың өзі тағылған айыптауларды жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз: Гарри ханзада мен Меган Маркл алты жылдан кейін Ұлыбританияға қайта оралады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026