Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мажарстанда Виктор Орбанның інісі қамауға алынды

kz.kursiv.media

Мажарстанда Виктор Орбанның інісі қамауға алынды

Мажарстан соты елдің бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның інісі Арон Орбанды бір ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Мажарлық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы Будапешт қалалық сотының ресми өкілі Гергё Бозо мәлімдеген.

Арон Орбанға саудада ықпал ету мен заңсыз көші-қонға жәрдемдесу күдігі тағылып отыр.

Осындай бұлтартпау шарасы оның болжамды сыбайластарының біріне де қолданылған. Тағы бір күдікті үйқамаққа алынса, төртінші фигурант босатылған.

Гергё Бозоның айтуынша, сот барлық күдіктіге қатысты айыптауларды негізді деп тапқан. Бұлтартпау шарасын таңдау кезінде күдіктілердің бой тасалауы немесе сот төрелігінен жалтаруға әрекет жасауы мүмкін екені ескерілген.

Тергеу материалдарына сәйкес, Арон Орбан мен оның серіктестері Вьетнам азаматтарына ақылы түрде Еуропаға қоныс аударуға көмектескен.

Атап айтқанда, Мажарстан елшіліктері арқылы Шенген визаларын алуға жәрдемдескен деген күдік бар.

Болжам бойынша, 2024 жылы бұл қызметті 100-ден астам адам пайдаланған.

Оқи отырыңыз: Мажарстанды 16 жыл басқарған Орбан биліктен кетті: оппозиция сайлауда жеңді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар