Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңа Stadler пойызында әйелдер вагоны бола ма

kz.kursiv.media

Жаңа Stadler пойызында әйелдер вагоны бола ма

Алғаш рет рейске шыққан жаңа Stadler пойыздарының құрамында әйелдерге арналған вагондар бола ма? Бұл сұраққа «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов жауап берді, деп жазады Kursiv.Media.

Оның айтуынша, әйелдер вагондары пойыздың маркасына емес, оның қай бағытта қатынайтынына байланысты белгіленеді. Яғни бұған дейін әйелдер вагоны болған бағыттарда жаңа Stadler пойыздары іске қосылса да, бұл тәжірибе сақталады.

Мәселен, қараша айында Семей бағытына қатынайтын жаңа пойыз құрамында әйелдер вагоны болады.

Журналистер Астана–Алматы бағытындағы Stadler пойызының құрамына да әйелдер вагонын қосу мүмкіндігін сұрады. Әнуар Ахметжанов мұндай вагонды енгізуге болатынын айтады.

«Менің ойымша, қарастыра аламыз. Бұл қиын мәселе емес. Қосамыз», – деді ол.

Еске салайық, Қазақстанда құрастырылған Stadler жолаушылар вагондары бүгін, 11 қарашада, алғаш рет жолға шықты. Жаңа құрам Астана мен Алматыны жалғайтын №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызына тіркелді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар