Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

City Run: 15 қараша күні Алматыда бірнеше көше жабылады

kz.kursiv.media

City Run: 15 қараша күні Алматыда бірнеше көше жабылады

15 қарашада Алматыда City Run жүгіру жарысының өтуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Кейбір жолдар таңғы сағат 04:00-ден бастап жабылады, деп хабарлайды Kursiv Media.

Жексенбі күні Алматыда биылғы жүгіру маусымын қорытындылайтын City Run жарысы өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 2 500 жүгіруші қатысады деп жоспарланған.

Жарыс «Астана» алаңынан басталып, осы жерде аяқталады. Осыған байланысты 15 қараша күні сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы толық тоқтатылады.

Жарыс өтетін күні төмендегі жол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, спортшылар өтіп кеткен жол учаскелері біртіндеп көлік қозғалысына қайта ашылады. Жалпы, жарыс маршруты бойындағы шектеулер негізінен сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жалғасады. Ал «Астана» алаңы маңындағы Төле би көшесінің бір бөлігі түске дейін жабық болады.

Осыған байланысты жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар