Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ғылыми жобаға бөлінген 945 млн теңгені жымқырған күдікті қамауға алынды

kz.kursiv.media

Ғылыми жобаға бөлінген 945 млн теңгені жымқырған күдікті қамауға алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі ғылыми жобаларды дамытуға бөлінген 945 млн теңге мемлекет қаржысын ұрлаған «Bal halal» ЖШС директорына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

2023-2024 жылдары «Bal halal» ЖШС төрт жобаны іске асыру үшін «Ғылым қоры» АҚ осы компанияға 1,15 млрд теңге қаржы бөлген. Бұл жобалар аясында өсімдік шикізатынан инновациялық макарон өнімдерін және микронутриенттермен байытылған ұн өндіру көзделген.

Бөлінген қаржыға құрал-жабдық сатып алу, өндірістік орынжайларды дайындау, шикізат пен қажетті бөлшектерді алу, жабдықтарды орнату, жөндеу жұмыстарын жүргізу және дайын өнім шығаруды жолға қою жоспарланған.

Алайда тергеу кезінде сатып алынған жабдықтардың жобаларда көрсетілген өнімдерді өндіруге жарамайтыны анықталды.

Қаражатты заңсыз шығару үшін күдіктімен байланысы бар адамдардың атына тіркелген «SMART 15» ЖШС пайдаланылған. Жабдық сатып алу мен түрлі қызметтердің ақысын төлеу деген желеумен осы компанияның есепшоттарына 736,4 млн теңге аударылған.

Бұдан бөлек, бұл іске «Фабрика рекламы Шымкент», «Jana tan» ЖШС-тері мен «Sisters Brand KZ» жеке кәсіпкерлігі және басқа да кәсіпкерлік субъектілері қатысқан.

Жобалардың іске асырылуын қадағалау да қағаз жүзінде ғана жүргізілген. Мониторинг актілері өндіріс орындарына бармай, атқарылған жұмыстарды тексермей жасалған.

Құжаттарды «Bal halal» ЖШС қызметкерлері әзірлеп, мониторинг топтарының мүшелері қол қойған. Осылайша мемлекет қаржысының жұмсалуы тиісті деңгейде қадағаланып жатқандай көрініс жасалған.

Тергеу дерегінше, күдікті заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың 88,5 млн теңгесін заңдастыру мақсатында «Bal halal» ЖШС-нің банк есепшоттарына қолма-қол енгізген. Бұл ақшаны жобаларды бірлесіп қаржыландыруға қосқан өз қаражаты ретінде көрсеткен.

«Салдарынан келтірілген жалпы шығын 945 млн теңгеге жеткен. Күдікті қамауға алынды. Соттың санкциясымен күдіктінің жалпы құны 830 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 5 жер телімі, 4 автокөлік, Астанадағы пәтер, коммерциялық үй-жай және зергерлік бұйымдар бар», – деп хабарлады ҚМА.

Агенттік өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын еске салды.

Бұған дейін БҚО-да ауыл шаруашылығына бөлінген 251 млн теңге субсидия жымқырылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар