Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Испанияда соңғы 14 жылда алғаш рет жалпыұлттық ереуіл басталды

kz.kursiv.media

Испанияда соңғы 14 жылда алғаш рет жалпыұлттық ереуіл басталды

Испанияда CCOO және UGT ірі кәсіподақтарының ұйымдастыруымен 24 сағаттық жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр. Сәрсенбіде бастау алған бұл шара – 2012 жылдың қарашасынан бергі алғашқы ауқымды қарсылық акциясы, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

«Жалақы, тұрғын үй, баға» ұранымен өтіп жатқан ереуіл баспана қолжетімсіздігіне және жалақының қымбатшылыққа сай өспеуіне бағытталған. Қыркүйек айында Мадридтің 87 жастағы тұрғыны Марикармен Абаскальдың үйінен мәжбүрлі түрде шығарылып, оның бірнеше күннен кейін қайтыс болуы бұл мәселені ушықтыра түсті.

Кәсіподақтардың мәліметінше, автоөнеркәсіп пен порттарда жұмысшылардың қатысуы 90%-ға, ал энергетика мен ет өнеркәсібінде 75–85%-ға жетті. Таңертеңгі электр энергиясын тұтыну 10%-ға төмендеді.

Ереуіл салдарынан қоғамдық көліктер шектеулі режимде жұмыс істеп жатыр, Каталонияда қатынас қиындады. Ереуілшілер ірі көтерме базарлар (Mercamadrid, Mercabarna), Seat пен Volkswagen зауыттары және порт терминалдарын бұғаттап, жолдарды жапты. Полициямен қақтығыстар болып, ұсталғандар бар.

Қарсылық акциясы елдегі саяси дағдарыспен тұспа-тұс келді. Баспанаға қатысты заң жобасын парламенттен өткізе алмаған премьер-министр Педро Санчес 29 қарашаға мерзімінен бұрын сайлау белгіледі. Оппозиция бұл ереуілді биліктің мүддесіне бағытталған саяси акция деп айыптауда.

Күннің екінші жартысында елдің 130-дан астам қаласында бұқаралық шерулер өтеді деп жоспарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар