Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бизнеске арналған лицензиялар мен рұқсаттар автоматты түрде беріле бастады

kz.kursiv.media

Бизнеске арналған лицензиялар мен рұқсаттар автоматты түрде беріле бастады

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған бірқатар лицензия мен рұқсатты автоматты түрде беру жүйесі енгізілді. Бұрын 15–30 күнге созылатын рәсімдер енді ақпараттық жүйелер арқылы бірнеше минутта орындалады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Жаңа жүйе мемлекеттік деректер базаларын біріктіру арқылы жұмыс істейді. Кәсіпкер электрондық өтініш бергеннен кейін жүйе қажетті мәліметтерді өздігінен жинап, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Барлық шарт орындалса, шешім мемлекеттік орган қызметкерінің қатысуынсыз автоматты түрде қабылданады.

Бұған дейін кәсіпкерлер қажетті құжаттарды өздері жинап, мемлекеттік органдарға тапсырып, тексеру мен шешімді бірнеше апта күтуге мәжбүр болған.

Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрайымы Айнұр Юсупованың айтуынша, цифрландырудың мақсаты қағаз құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру ғана емес, артық әкімшілік рәсімдерді жойып, шешім қабылдау процесін де автоматтандыру болып отыр.

«Егер шешімді шынайы цифрлық деректер мен нақты талаптар негізінде қабылдауға болса, ол автоматты түрде қабылдануы тиіс. Бұл – қызмет көрсетуді жай ғана жеделдету емес, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейі», – деді ол.

Автоматты шешім қабылдау тетігі құрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау салаларында қолданылады.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылдан бері eLicense.kz порталы арқылы өтініштерді қолмен қарауды қажет етпейтін 87 088 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қазір мұндай жүйе бизнеске арналған 12 мемлекеттік қызмет бойынша жұмыс істейді.

Алдағы уақытта автоматтандыру тетігін басқа да мемлекеттік қызметтерге кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыз: Бизнеске берілген несие көлемі 14,2 пайызға өсті

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар