Қазақстан мобильді интернеттің сапасы бойынша көш бастап тұр
Қазақстандағы мобильді интернет бағасы әлемдік орташа көрсеткіштен төрт есе төмен, ал жылдамдығы бойынша республика Канада мен Ұлыбритания сияқты дамыған елдерді артта қалдырып отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Broadband Genie зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда 1 ГБ мобильді интернетидің орташа құны шамамен 0,3 долларды құрайды (әлемдік орташа көрсеткіштен 4 есе төмен). Бұл көрсеткіш бойынша республика зерттелген 234 ел арасында 53-орында (жоғарғы төрттік) тұр.
Ал Speedtest Global Index рейтингіндегі жылдамдығы ең жоғары 55 елдің қатарында Қазақстан ай сайынғы интернет құны бойынша 7-орынды иеленді. Е
Finprom.kz дерегінше, Қазақстандағы орташа жылдамдық 93 Мбит/с-ке жетіп (әлемде 51-орын), Канада, Италия, Испания, Ұлыбритания сияқты бірқатар дамыған елдерді артта қалдырды. Сондай-ақ Қазақстан мобильді интернет бойынша ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасындағы көшбасшы ел.
Қазақстандықтар мобильді интернетті белсенді түрде пайдаланады. Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) дерегі бойынша, 2025 жылы бір мобильді абонентке жылдық трафик көлемі 283 ГБ-ты құрады (орташа әлемдік көрсеткіш – 184 ГБ).
Еліміз ТМД өңірінің орташа көрсеткішінен де асып түсіп, әлемдегі ең белсенді трафик тұтынушылар қатарына кірді. Операторлар арасындағы орташа айлық көрсеткіштер де жоғары: Tele2-де – 40 ГБ, Kcell/Activ-те – 30,4 ГБ, Beeline-да – 22,9 ГБ.
Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін байланыс тарифтері 58,4%-ға қымбаттады. Бұл ретте жалпы инфляция 86,8%-ды, ал азық-түлік бағасы 88%-ды құрады. Яғни, байланыс бағасы инфляциядан да, халық табысының өсу қарқынынан да баяу өсті.
Ал қазақстандықтар шетелдіктерге қарағанда әлдеқайда аз ақы төлеп, жоғары жылдамдықтағы интернетті көбірек пайдаланады.
Бұған дейін Kursiv.Media Қазақстанда мобильді байланыс бағасы өскенін жазған еді. 2026 жылғы шілдеде мобильді байланыс қызметтері бір жылда 7,6%-ға, ал қоңырау минуттары, интернет пен SMS кіретін тарифтік пакеттердің абоненттік төлемі 10%-ға қымбаттаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026