Бала күтімі және көпбалалыларға берілетін жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала тууға, бала күтіміне, көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу ережелеріне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
18 қарашадан бастап жәрдемақы алуға өтініш берген азаматтарға құжаттардағы қателерді түзетуге немесе жетіспейтін құжаттарды толықтыруға екі жұмыс күні беріледі. Осы уақыт ішінде өтініш «цифрлық кезек парағына» енгізіледі. Қызмет көрсету мерзімі уақытша тоқтатылады, бірақ азаматтың өтініш берген бастапқы күні сақталады.
Егер өтініш беруші белгіленген мерзімде қателерді түзетпесе немесе қажетті құжаттарды тапсырмаса, оған жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғаны туралы қолхат беріледі. Өтінішті электронды үкімет порталы арқылы берген азамат қажетті мәліметтерді цифрлық жүйелерден өзі сұратып, өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қояды.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала туған күннен бастап бір жарым жасқа толғанға дейін төленеді. Егер азамат бір жарым жасқа толмаған баланы асырап алса немесе оған қорғаншы болып тағайындалса, төлем сот шешімі күшіне енген немесе қорғаншылық белгіленген күннен бастап есептеледі.
Шетел азаматтары мен қандастарға жәрдемақы бала туған күннен бастап тағайындалады. Бірақ төлем Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркелген күннен ерте басталмайды.
Наградталған аналарға берілетін жәрдемақы өтініш берген күннен бастап төленеді. Ал проактивті қызмет арқылы рәсімделсе, өтініш берудің қажеті болмайды. Көпбалалы отбасылар кейбір құжаттарды тапсырмай-ақ жәрдемақы ала алады. Ол үшін қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болуы керек.
Жәрдемақы алу үшін азамат жеке деректерін өңдеуге келісім беруі керек. Бұған банк құпиясына жататын мәліметтер мен кредиттік бюролардағы ақпарат та кіреді. Егер азамат мұндай келісім бермесе, оған жәрдемақы тағайындалмайды. Ал бұрын тағайындалған төлемдер уақытша тоқтатылады.
Бұдан бөлек, мынадай жағдайларда жәрдемақы төлеу тоқтатылуы мүмкін:
Сондай-ақ Отбасының цифрлық картасындағы әл-ауқат деңгейі «А» немесе «В» санатына көтерілсе, жәрдемақы төлеу тоқтатылады. Төлем отбасының жаңа санатқа өткенінен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтайды. Бұл туралы алушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі.
Егер жәрдемақы төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдай жойылса, азамат өтініш беріп, төлемді қайта жалғастыра алады. Сонымен қатар жәрдемақы алушы төлемнен өз еркімен бас тарта алады. Ол үшін жазбаша өтініш беру қажет. Кейін қажет болған жағдайда жәрдемақыны қайта тағайындауға өтініш бере алады.
Жаңа талаптардың басым бөлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз:
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 10
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қараша 2026