Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада жаңа көпір құрылысына 16 млрд теңге жұмсалмақ

kz.kursiv.media

Астанада жаңа көпір құрылысына 16 млрд теңге жұмсалмақ

Астанада Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірін салуға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жұмыстардың бастапқы құны 16,08 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы хабарландыруға сәйкес, нысан Есіл және Сарайшық аудандарының шекарасында орналасады. Көпір Шәмші Қалдаяқов көшесінен Т-3 көшесіне дейінгі учаскеде салынады деп жоспарланған.

Тапсырыс беруші – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау 2026 жылғы 17 қарашаға дейін созылады.

Жобада алты қозғалыс жолағы бар, ұзындығы 205,6 метр болатын автомобиль көпірінің құрылысы қарастырылған. Әрбір жолақтың ені 3,75-тен 4 метрге дейін болады.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған төрт аспалы өткел салу көзделген. Олардың жалпы ұзындығы 129,44 метрді, ал ені 3 метрді құрайды.

Көпірден бөлек, жоба кірме жолдарды, сыртқы жарықтандыруды және жаңбыр канализациясын жабдықтауды, сондай-ақ, қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды қорғауды қамтиды. Жол учаскесінің жалпы ұзындығы 881,35 метр болады.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, құрылыс жұмыстары шамамен 21 айға есептелген.

Жаңа көлік өткелі елорданың екі жағалауы арасында қосымша қатынасты қамтамасыз етіп, көлік ағынын тиімді қайта бөлуге ықпал етуі тиіс.

Айта кетейік, осыған дейін Сингапур компаниясы Астана қаласындағы екінші әуежай құрылысына қатысуға ниетті екенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар