Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бензин мен дизельді отын бағасы күрт өсуі мүмкін бе

kz.kursiv.media

Бензин мен дизельді отын бағасы күрт өсуі мүмкін бе

Кей сарапшылар 2027 жыл соңына қарай елдегі АИ-92 бағасы литріне 300 теңгеге, ал дизельді отын 400 теңгеге дейін көтеріледі деп болжап отыр. Журналистер осыған қатысты энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың пікірін сұрады.

Ведомство басшысының сөзінше, жанар-жағармай бағасы ішкі сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Соңғы екі жыл мемлекет отын бағасын реттеп отырған жоқ, тиісінше баға нарық арқылы реттеледі.

«Болжам жасау жақсы іс емес негізі. Бірақ бензин және дизельді отын бойынша елдегі баға диапазонын айта кетейін, соған қарап өздеріңіз нәтиже шығарарсыздар. Қазір Қазақстанда АИ-92 бензинінің литрі 253–271 теңге, ал дизель отыны 356–367 теңге аралығында сатылып жатыр», – деді Ақкенженов.

Ол жанармай бағасының әр жанармай құю бекетінде әртүрлі болуын олардың шығындары мен отынды сату құнының өзгешелігімен түсіндірді. Министр мұны нарықтағы бәсекелестіктің бар екенін көрсететін жағдай деп санайды. Журналистер министрден жанармай бағасы болжанғандай өссе, мемлекет оған араласа ма деп те сұрады.

«Егер баға күрт өсіп кетсе, мемлекет оны тұрақтандыру үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды. Бұл үшін бізде барлық құрал бар», – деп жауап берді министр.

Министр Ерлан Ақкенженов мұндай құралдардың бірі ретінде елдегі жанармай қорын атады. Оның айтуынша, Қазақстанда 400 мың тоннадан астам бензин және 400 мың тоннадан астам дизель отынының қоры бар. Сондай-ақ ол отандық мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Жанармай өндіру және оны қалаларға жеткізу жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Министрдің сөзінше, қазір жанармай тапшылығын тудыратын немесе халықтың жаппай жанармай сатып алуына әкелетін жағдай жоқ. Сондықтан бағаның күрт өсуіне де негіз жоқ.

Оқи отырыңыз:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар