Шымкентте «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңның үстемдігі мен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын іске асыру барысы басты назарда болады.
Қауіпсіз қоғам – заң мен тәртіптен басталады. Әрбір баланың амандығы мен қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу – барша азаматтың міндеті.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аудан аумағында жүйелі түрде патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, оларды құқық қорғау органдарының қызметі, қоғамдық қауіпсіздік және өзінің құқықтарын қорғау тұрғысынан ақпараттандырды. Сондай-ақ, азаматтарға құқық бұзушылықтардың алдын алудың тәсілдері, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірілді.
Қауіпсіз қоғам – заң мен тәртіпті қамтамасыз етуден басталады. Әрбір баланың және азаматтың амандығы мен қауіпсіздігі – барға ортақ жауапкершілік. Сондықтан, қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу баршаның міндеті. Полиция қызметкерлері өз жұмыстары арқылы тұрғылықты халықпен тығыз байланыс орната отырып, қоғамдық тәртіпті сақтауға барынша ықпал етуде.
«Бір нүктелік» іс-шарасы азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуға және тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыруға бағытталған. Тұрғындардың белсенді қатысуы мен қолдауы – құқық бұзушылықтарды азайтуда, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Шара барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталарының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертті. Полиция азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады. Мұндай түсіндірме шараларының нәтижесі жоғары. Өйткені бүгінгі цифрлық мүмкіндіктерден ақпараты аз қарт адамдарды қауіптен сақтандыру үшін мұндай шараларды жиі өткізіп тұрған пайдалы. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта да аталған бағыттағы шаралардың жалғасын табатынын айтып отыр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026