Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада тұрғын үйдегі суицидке қатысты полиция тергеу бастады

kz.kursiv.media

Астанада тұрғын үйдегі суицидке қатысты полиция тергеу бастады

Астанада Әнет баба көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған суицид дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады қалалық полиция.

Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда оқиғаға қатысты әртүрлі мәліметтер тарап жатыр. БАҚ беттерінде қайғылы жағдайдың 13 жастағы екі қызға қатысты болуы мүмкін екені айтылғанымен, кейбір дереккөздерде бір ғана кәмелетке толмаған бала туралы сөз қозғалады.

Полиция таратқан ресми түсініктемеде зардап шеккендердің нақты саны мен жасы көрсетілмеген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда биыл жасөспірімдер арасындағы суицид 25%-ға өскенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар