Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлыбритания 20 мың шетелдік қылмыскерді елден шығара алмай отыр

kz.kursiv.media

Ұлыбритания 20 мың шетелдік қылмыскерді елден шығара алмай отыр

Ұлыбританияда жазасын өтеп шыққан 20 мыңға жуық шетел азаматы өздеріне қатысты депортация туралы шешімі болғанына қарамастан, елде тұрып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

The Times мәліметінше, соңғы жылдары шетелдік қылмыскерлерді елден шығару қарқыны артқан. Атап айтқанда, депортацияланғандар саны 2020 жылғы 8 мыңнан 2025 жылы 36 мыңға дейін өскен. Алайда елден шығарылғандардың 30%-ын ғана шетелдік қылмыскерлер құрайды.

2025 жылғы маусымдағы деректер бойынша, депортация туралы ордер шығарылғанына қарамастан, 20 мыңға жуық шетелдік құқық бұзушы бостандықта жүрген. Кейбір елдердің азаматтарын мәжбүрлі түрде қайтару көрсеткіші өте төмен. Мысалы, Нигерия мен Ямайка азаматтарын депортациялау деңгейі 5%-дан төмен. Ал Сомали, Сьерра-Леоне және Конго бойынша бұл көрсеткіш 0,6–2,7% аралығында.

Сонымен қатар, 2025 жылы Ла-Манш бұғазы арқылы қайықпен Ұлыбританияға 41 мыңнан астам заңсыз мигрант келген. Бұл 2022 жылғы рекордтық көрсеткіштен кейінгі ең жоғары деңгей. Сол жылы ел жағалауына 45,7 мыңнан астам мигрант жеткен.

Ел билігі баспана сұраушыларды қонақүйлерге орналастыруға күн сайын бірнеше миллион фунт стерлинг жұмсайды.

Оқи отырыңыз: Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар