Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

800-ден астам шымкенттік солтүстік пен шығысқа қоныс аударды

kz.kursiv.media

800-ден астам шымкенттік солтүстік пен шығысқа қоныс аударды

2026 жылдың 10 айында Шымкенттен жумыс күші тапшы өңірлерге 196 отбасы (817 адам) көшіп барды. Тұрғындардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын таңдаған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Солтүстік Қазақстан облысына 81 отбасы (375 адам), Павлодар облысына 53 отбасы (192 адам), Шығыс Қазақстан облысына 33 отбасы (121 адам), Қостанай облысына 16 отбасы (62 адам), Абай облысына 7 отбасы (37 адам), Қарағанды және Ұлытау облыстарына 3 отбасыдан (тиісінше 16 және 14 адам) көшіп кеткен.

Көшіп барғандардың 473-і – балалар, 234-і – еңбекке қабілетті азаматтар, ал 110-ы – үй шаруашылығымен айналысатындар.

Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы кадр тапшылығын жоюға, азаматтарды жұмыспен қамтуға және еңбек ресурстарын өңірлер арасында тең бөлуге бағытталған. Үкімет бұл үшін 8 облысты айқындаған: Абай, Ұлытау, Қостанай, ШҚО, Павлодар, СҚО, Ақмола және Қарағанды.

Жыл басынан бері Шымкентте 68 отбасы (142 адам) қандас мәртебесін алған. Алайда 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап Шымкент қандастарды қабылдайтын өңірлер тізімінен шығарылды.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, қандас мәртебесі 5 жылға тек Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда беріледі. Сондықтан Шымкент қаласында бұл мәртебе енді берілмейді.

Айта кетейік, 2026 жылдың бастапқы үш айында 3 335 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар