Жаслан Мәдиев тағы бір ресейлікке Қазақстан азаматтығын тапсырды
Отандық Higgsfield стартабының негізін қалаушының бірі Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы жи министрі Жаслан Мәдиев жеке парақшасында жариялады деп жазады Kursiv Media.
«Қазақ еліне +1 миллиардер! Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын қуана табыстадым. Биылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Осы маңызды оқиғамен құттықтаймын», – деп жазды ол.
Министр Алекс Машрабовтың жетістігі жастарға үлгі болатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл Қазақстанда еңбек ете отырып, әлемдік деңгейдегі технологиялар жасауға және халықаралық нарықта бәсекеге түсуге болатынын көрсетеді.
Мәдие Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматтығын таңдағаны үшін алғыс айтып, елдің технологиялық әлеуетін дамыту жолында бірлескен жобалар жүзеге асатынына сенім білдірді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026