Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Солтүстік Қазақстан облысында орман өртенуде

kz.kursiv.media

Солтүстік Қазақстан облысында орман өртенуде

5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бір орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, өрт ошағын Солтүстік Қазақстан облысында жердегі патрульдеу кезінде мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері анықтаған.

Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтауға орман шаруашылығының мамандары мен арнайы техника жұмылдырылды.

«Қазіргі сәтте өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, жағдай тұрақты бақылауда», – деп атап өтті ведомство.

Экология министрлігі азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға және орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 миллион түп қылқанжапырақты ағаш отырғызуға 300 миллион теңге бағыттауды жоспарлап отырғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар