Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Инвестиция және ЖИ қауіпсіздігі: Тоқаев Иордания королімен келіссөз жүргізді

kz.kursiv.media

Инвестиция және ЖИ қауіпсіздігі: Тоқаев Иордания королімен келіссөз жүргізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Иордания – араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Кейінгі жылдары ықпалдастығымыз қарқын ала бастады. Біз арамызда орнаған түрлі деңгейдегі берік саяси диалогты жоғары бағалаймыз», – деді Тоқаев.

Келіссөз барысында тараптар экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми байланыстарды дамытуға басымдық берді. Сонымен қатар, Орталық Азияда алғаш рет жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздікке арналған Ақаба процесінің сессиясы өтіп жатқаны атап өтілді.

«Сіздің көреген басшылығыңызбен Иордания халықаралық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықтың дәйекті жақтаушысы ретінде кеңінен танылды. Саммит Орталық Азия өңірінің ұстанымын білдіріп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бірлескен күш-жігерімізге тың серпін сыйлайтынына сенімдімін», – деп атап өтті Тоқаев.

Өз кезегінде Иордания королі ІІ Абдалла қонақжайлылық үшін алғыс айтып, екі елдің арасындағы сауда,инвестиция, технология және қорғаныс саласындағы әріптестікті тереңдетуге дайын екенін білдірді.

«Былтыр бір-біріміздің елімізге жасаған сапарларымыз екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетуге ерекше серпін берді. Біз қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі өрбітіп, сауда, инвестиция, туризм, технология және қорғаныс секілді негізгі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз», – деді Иордания королі.

Кездесу соңында екі тарап өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұру бағытындағы ықпалдастықты нығайтуға келісті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанға Иордания королі Абдалла II мен қоса, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да келуі тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар