Астанада Ақаба процесі саммиті өтіп жатыр
Астанада Ақаба процесінің «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған саммиті өтіп жатыр деп жазады Kursiv Media.Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысып жатыр.
Ақаба процесі – Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы бастамашы болған терроризм мен зорлықшыл экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық бастама.
Оның аясында түрлі елдердің басшылары, арнайы қызметтер мен әскери құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері кездеседі. Негізгі мақсат – терроризмнен туындайтын қауіптерді бірлесіп бағалап, оларға қарсы күрес шараларын келісу және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026