Қазақстан-Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны 180-ге дейін артады
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы кеңейеді. Екі ел аптасына орындалатын рейстер санын 150-ден 180-ге дейін арттыруға келісті. Бұл туралы Ташкентте өткен «Қытай – Орталық Азия» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы конференция аясында белгілі болды деп жазады Kursiv Media.
Келіссөздерге Қазақстан тарапынан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қытай тарапынан Азаматтық авиация әкімшілігі (CAAC) бас директорының орынбасары Бай Вэньли қатысты.
Тараптар кездесуде екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын көбейту және жаңа бағыттар ашу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қытайдың Чэнду және Қашғар қалалары жаңа әуе бағыттарының тізіміне қосылатын болды.
Қол жеткізілген келісімдер екі елдің әуе компанияларына жаңа бағыттарды игеруге, жолаушылар үшін тікелей рейстердің қолжетімділігін арттыруға және транзиттік тасымалды дамытуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз:
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026