Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк ипотека мен автонесие бойынша қарыз жүктемесін есептеуді кейінге қалдырды

kz.kursiv.media

Ұлттық банк ипотека мен автонесие бойынша қарыз жүктемесін есептеуді кейінге қалдырды

Ұлттық банк ипотека мен автонесие бойынша қарыз жүктемесін есептеуді кейінге қалдырды. Оған ипотека мен автонесие нарығындағы қалыптасқан жағдай себеп болған.

Қарыз жүктемесі коэффициенті – бұл банктің несие берер кезде кленттің төлем қабілетін тексеретін ережесі. Яғни, айлық табысының қанша пайызы бұрынғы және жаңа несиелерді өтеуге кететіні есептеледі. Егер бұл көрсеткіш жоғары болса (табысыңыздың жартысынан астамы несиеге кететін болса), банк жаңа несие беруден бас тартуы тиіс.

Алайда, Ұлттық Банк халық үшін маңызды екі сала – баспана алу мен автокөлік сатып алуда бұл қатал талапты уақытша жеңілдету мерзімін тағы да ұзартты:

Автонесие бойынша жеңілдіктер елде алғаш тіркелетін жаңа көліктер, сондай-ақ бастапқы жарнасы кемінде 50% болатын қолданыстағы көліктер және бастапқы жарнасы кемінде 30% болатын (пайдалану мерзімі 3 жылдан аспаған) көліктерге қолданылады. Бұл ретте сатып алынатын автокөлік несие бойынша кепілге қойылуы тиіс.

Аталған өзгерістер Ұлттық Банк Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына енгізіледі.

Сонымен қатар реттеуші 2027 жыл бойы несие нарығына мониторинг жүргізуді жалғастырады және қаржылық тәуекелдер туындаған жағдайда қосымша шектеулер енгізу құқығын өзінде қалдырады.

Бұған дейін 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап елде несие алу тәртібі айтарлықтай қатаңдайтыны хабарланған.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов шілде айына қарай банктен ақша алғысы келетін кез келген азаматтың төлем қабілетін нақты бағалайтын жаңа КДН және КДД тәсілдері әзірленетінін, табысы жоқ адамдарға несие берілмейтінін айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар