Украинадағы президент сайлауы онлайн өтуі мүмкін
5 қарашада Франция халқы ең төменгі жалақыны көтеруді талап етіп, жаппай наразылық акцияларына шықты. Шерулер кезінде полициямен қақтығыстар болып, ғимараттар өртенген. Ел бойынша 448 адам ұсталды. Бұл туралы DW хабарлады.
Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылыққа шамамен 575 мың адам қатысқан. Ал «Жалпы еңбек конфедерациясы» (CGT) шеруге шыққандардың санын 1,6 миллион деп бағалады.
Ішкі істер министрлігі Марсель, Нант, Лион, Бордо және Страсбург қалаларында жүздеген адамнан құралған топтар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағанын хабарлады. Ведомство оларды «радикалды солшыл экстремистер» деп атады. Алдын ала мәлімет бойынша, ел аумағында 86 рет өрт қою оқиғасы тіркелген. Сондай-ақ бірнеше мектеп бүлініп, білім беру ұйымдарының қызметкерлері зардап шеккен.
Кәсіподақтар не талап етеді?
Францияның Демократиялық еңбек конфедерациясының (CFDT) басшысы Марилиз Леон ең төменгі жалақыны салықтар шегерілгеннен кейін айына 100 еуроға көтеруді ұсынды. Ал CGT басшысы Софи Бине Францияда ең төменгі жалақының өсу қарқыны Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда төмен екенін айтты.
«Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы ең аз өскен Еуропа елі – Франция. Біз жалақысы төмен елге айналдық», – деді ол.
Қазір Францияда ең төменгі сағаттық жалақы салыққа дейін 12,31 еуроны құрайды. Ал аптасына 35 сағат жұмыс істейтін адам айына шамамен 1867 еуро алады. Салыстыру үшін, Германияда 2027 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны сағатына 14,60 еуроға дейін көтеру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазан айының соңында да Францияда өмір сүру құнының өсуі мен білім беру жүйесіндегі мәселелерге қарсы жаппай наразылықтар өткен. Ол кезде мыңға жуық адам ұсталған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026