Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді
Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ақорда ақпаратына сүйенсек, Эмомали Рахмонды Астана әуежайынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, Рахмон Астанада 5-7 қараша аралығында ресми сапармен болады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері қаралады.
Сонымен қатар, 6 қарашада Астанада Акаба процесінің саммиті өтеді. Оған бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
Аталмыш шараға қатысу үшін бұдан бұрын елге Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн келіп, президент Тоқаевпен бірге келіссөздер жүргізген еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026