Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылммен қамтылды

kz.otyrar.kz

«Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылммен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Бұл жоба қала экономикасының тиімділігін арттыру, кәсіпорындардың логистикалық инфрақұрылымын жақсарту және өнім таратумен айналысатын компанияларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысты.

Теміржолдың жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, мұнда теміржол төсемін салумен қатар, асфальт жабыны толық қалпына келтірілді. Бұл шаралар кәсіпкерлер үшін жүктерді тасымалдауды жеңілдетіп, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыстың нәтижесімен арнайы танысып, теміржол желісінің индустриалды аймақтың дамуына қосатын үлесіне тоқталды. Теміржолдың аталған аймаққа тигізер пайдасы өте зор. Кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін Шымкенттің тартымдылығын арттыру басты назарда болып отыр.

Бүгінгі күнде еліміздің индустриалды аймақтары экономикалық өсімнің нақты қозғаушы күшіне айналып отыр. Жаңа теміржол желісі өндіріс орындарына тиімді қызмет көрсетуімен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да жол ашады. Теміржол желісі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімдерін жылдам әрі қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік беріп, қаланың логистикалық картасын жаңартуға септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл жоба, сонымен қатар, Шымкент қаласының өнеркәсіп саласын дамытуда жаңа серпін беріп, экономиканың әртараптануына ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың, теміржол желісін кеңейтудің және жүк тасымалының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын.

«Жұлдыз» индустриалды аймағында теміржол желісінің салынуы осы міндеттерге сәйкес келеді және қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуында аса маңызды. Жаңа инфрақұрылым шикізат пен материалдарды жеткізуді, дайын өнімді жөнелтуді жеңілдетіп, индустриалды аймақтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Теміржол өндірістік алаңның әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын орналастыруға және қаланың өнеркәсіптік мүмкіндігін дамытуға қосымша жағдай жасайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар