Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлемнің үздік футболшысы мюнхендік клубта қалатын болды

kz.kursiv.media

Әлемнің үздік футболшысы мюнхендік клубта қалатын болды

«Алтын доп» иегері, мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты. 33 жастағы англиялық футболшы неміс клубында 2029 жылға дейін өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Мюнхенде өзімді өз үйімде жүргендей сезінемін. Мен бұл клубты, жанкүйерлерді жақсы көремін. Жаңа титулдарды бағындыруды тағатсыздана күтемін», – деді Кейн.

Кейн Мюнхенге 2023 жылы «Тоттенхэмнен» ауысып келген. Осы уақыт ішінде ол 161 матчта 156 гол соғып, екі рет Бундеслига чемпионы атанды.

Публикация от FC Bayern (@fcbayern)

Айта кетейік, өткен аптада Англия құрамасының шабуылшысы 2025/2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футболшысы деп танылып, «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Германиның 35 дүркін чемпионы «Бавария» Бундеслигада көш бастап тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар