Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады

kz.kursiv.media

Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасындағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. 41 жастағы шабуылшы 23 жыл бойы өнер көрсеткен ұлттық командамен қоштасып, «жетінші нөмірлі жейдені қайтару» және оны келесі ұрпаққа тапсыру уақыты келгенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Instagram желісінде португалдықтарға жолдаған көлемді үндеуінде Роналду халықаралық карьерасының басты нәтижесі ретінде соққан голдарын, рекордтары мен кубоктарын емес, елінің намысын қорғауға мүмкіндік алғанын баса айтты.

«Мен өмір бойы әлемдегі ең үздік ойыншы болу үшін еңбек еттім. Бүгін мен үшін ең үлкен жеңіс – әлемдегі ең үздік елдің намысын қорғау құқығы болғанын түсінемін», – деді ол.

Роналду сондай-ақ жетінші нөмірді өзінің меншігі емес, енді басқа біреу жалғастыруы тиіс құрама тарихының бір бөлігі деп атады.

«Бүгін оны болашаққа тапсыратын сәт келді. Бұл оңай шешім болған жоқ. Өйткені тек акылмен емес, жүрекпен қабылданатын шешімдер болады», – деді атақты футболшы.

Футболист үндеуінің жекелеген бөлігін жанкүйерлерге, командадағы әріптестеріне, бапкерлерге, құрама қызметкерлеріне және отбасына арнады. Роналдудың айтуынша, басты естеліктердің бірі матч алдында гимн орындалған кез. Өйткені ондай сәттерде жанкүйерлер мен футболшыларды Португалияға деген сүйіспеншілік біріктіреді.

«Бүгін ұлттық құрама сапындағы алаңдағы жолым аяқталады. Мен басымды жоғары көтеріп, өткен жолыма мақтанышпен қараймын әрі Португалия сапында барымды салғаным үшін таза арым», – деді ол.

Роналду ересектер құрамасындағы дебютін 2003 жылы Қазақстанға қарсы матчта жасаған болатын. Португалия үшін ол 234 матч өткізіп, 146 гол соқты – бұл екі көрсеткіш те ерлер арасындағы ұлттық құрамалар деңгейінде әлемдік рекорд болып есептеледі.

Роналдудың Португалия құрамасындағы соңғы матчы 24 қыркүйекте Ұлттар лигасында Уэльске қарсы өтті. Шабуылшы бастапқы құрамда шығып, кездесуде 67 минут өнер көрсетті. Ойын 1:0 есебімен португалдықтардың жеңісімен аяқталған.

Бұған дейін Криштиану Роналду «Алтын доптың» ең үздік иегері атанған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар