Жамбылда жасөспірімдер арасындағы зорлыққа байланыс әкімдерге сөгіс жарияланды
Жамбыл облысында жасөспірімдердің қатысуымен болған шулы оқиғалардан кейін бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Облыс әкімі Ербол Қарашүкеевтің төрағалығымен өткен арнайы отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оның алдын алу шараларының тиімділігі қаралды. Өңір басшысы жауапты органдардың жұмысын сынға алып, алдын алу шаралары көбіне формалды түрде өтетінін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасарына сөгіс, ал Байзақ, Жамбыл, Талас және Қордай аудандарының әкімдері мен облыстық білім басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, аталған аудан әкімдерінің тиісті салаға жауапты орынбасарлары да қатаң тәртіптік жауапқа тартылды.
Бұдан бөлек, Полиция департаментінің бастығына осы төрт ауданның полиция бөлімдерінің басшыларына қатысты қызметтік тексеріс жүргізу тапсырылды.
Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдан кейін 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026