Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында ауыл тұрғындарын судан айырған жекеменшік жер қайтарылды

kz.kursiv.media

Алматы облысында ауыл тұрғындарын судан айырған жекеменшік жер қайтарылды

Прокуратура ауыл тұрғындарының жер және су ресурстарына құқықтарын қалпына келтірді, деп жазады Kursiv.Media.

Алматы облысының прокуратурасына мәліметінше, Ұйғыр ауданында 2008 жылы жеке меншікке берілген 29,1 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарылған.

«Аталған жер учаскесінің аумағында тоған, көлемі 0,7 гектар гидротехникалық құрылыс және 0,5 гектар зират орналасқан. Жердің жеке меншікке берілуі салдарынан жергілікті тұрғындар мал жаю және су ресурстарын пайдалану кезінде шектеулерге тап болған», – делінген ақпаратта.

Алайда жер және су заңнамасының талаптарына сәйкес, мұндай жер учаскелерін үшінші тұлғалардың жеке меншігіне беруге жол берілмейді.Прокуратураның талап арызы бойынша сот жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.

Ал Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар