Шымкентте кәсіпорындарды байланыстыратын теміржол іске қосылды
Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындарға қызмет көрсететін теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Жаңа жолдың ұзындығы 6,4 шақырымды алып жатыр, деп жазады Kursiv Media.
Жоба аясында теміржол төсемі төселіп, аумақтағы асфальт жабыны толық қалпына келтірілген.
Жаңа теміржол желісі индустриалды аймақтағы кәсіпорындарға шикізат пен қажетті материалдарды жеткізуді, дайын өнімді тасымалдауды жеңілдетеді.
Сондай-ақ өндіріс орындарының логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл инфрақұрылым индустриалды аймақтың әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын ашуға жағдай жасайды.
Айта кетейік, елімізде көлік-логистика инфрақұрылымын дамытып, теміржол желісін кеңейту және жүк тасымалының тиімділігін арттыру мақсаты қойылған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026