Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бидай тасығандарға ақша төлемеген компания басшысы сотталып кетті

kz.kursiv.media

Бидай тасығандарға ақша төлемеген компания басшысы сотталып кетті

Қостанай облысында «Эклипс Агро» ЖШС директорының ісі бойынша үкім шықты. Ол 352 тонна бидайды заңсыз сатып, үш тасымалдаушыға көрсетілген қызметі үшін 11,1 млн теңге төлемегені үшін кінәлі деп танылды, деп жазады Kursiv Media.

Прокуратура мәліметінше, 2024 жылғы қазанда компания басшысы шаруа қожалығына тиесілі құны 28,5 млн теңге болатын 352,56 тонна бидайды алған. Кейін астыққа қатысты құжаттар «Эклипс Агро» ЖШС атына қайта рәсімделіп, бидай меншік иесінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға сатылған.

Бұдан бөлек, компания үш тасымалдаушыға көрсеткен көлік қызметтері үшін жалпы сомасы 11,1 млн теңгені төлемеген.

Қорғау тарапы тараптар арасында бірлескен шаруашылық қызмет болғанын алға тартқан. Алайда прокурор бірлескен қызмет туралы шарттың да, бөтен астықты сатуға құқық беретін құжаттардың да болмағанын атап өткен.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот оны кінәлі деп танып, 6 жылға соттады. Сонымен қатар, ол 6 жыл бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ауыл тұрғындарын судан айырған жекеменшік жер қайтарылды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар