Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЕуроОдақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде көмек көрсетеді

kz.kursiv.media

ЕуроОдақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде көмек көрсетеді

Еуропалық одақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде жаңа қаржылай көмек бөлді. Қаражат мемлекеттік қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және шұғыл қорғаныс қажеттіліктерін өтеуге бағытталады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Еуропалық комиссияның хабарлауынша, бөлінген қаражат Украинаның негізгі мемлекеттік қызметтерін қаржыландыруға және елдің шұғыл қорғаныс қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады.

Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ 2026–2027 жылдарға Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беру бағдарламасын мақұлдаған болатын. Оның 60 млрд еуросы қорғаныс саласына, ал қалған 30 млрд еуросы мемлекеттік бюджетті қолдауға бағытталған.

Еуропалық комиссияның мәліметінше, 2022 жылғы ақпаннан бері Еуроодақ пен оған мүше мемлекеттер Украинаға жалпы сомасы 231,6 млрд еуро болатын көмек көрсеткен. Оның ішінде Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен 3,8 млрд еуро кіріс бар.

Тағы да оқыңыз: ЕуроОдаққа Ормұз бұғазындағы жағдай қанша шығын келтіргені мәлім болды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар