Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада мас ер адам қария мен әйелді соққыға жықты

kz.kursiv.media

Астанада мас ер адам қария мен әйелді соққыға жықты

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында белгісіз ер адамның егде жастағы тұрғынға тап берген видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың ашуын туғызды, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Telegram-арналарда жария болған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Майлин көшесіндегі №23 үйдің кіреберісінің алдында болған.

Оқиға куәгерлері бұзақының қарияны соққыға жыққаннан кейін, араша түспек болған әйелдің артынан қуанып барып, оны да ұрып-соққанын айтады.

Елордалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Мас күйде болған 28 жастағы ер адамның кіреберістен шыға берісте егде жастағы ер адамға дене жарақатын салғаны анықталды. Бұдан бөлек, ол зардап шеккен азаматқа араша түсуге тырысқан 41 жастағы әйелді де ұрып-соққан», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар