Алматыдағы крематорийде мәйіт өртеу құны қанша тұрады
Биыл көктемде ашылған Алматыдағы крематорийде алты ай ішінде 24 кремация жүргізілген. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Kursiv Media редакциясына берген жауабында осылай жазылған.
Ведомство мәліметінше, өртелген 24 мәйіт Қазақстан Республикасының азаматтары болған. Шетел азаматтарының мәйітін кремациялау жүргізілмеген.
Крематорийде бір адамды кремациялау кәсіпорынға 216 мың теңгеге айналады. Ал тұрғындар үшін бұл қызметтің белгіленген бағасы – 240 мың теңге. Бірақ бұл сомаға жерлеу рәсіміне қажетті керек-жарақтарды сатып алу және қосымша қызметтерге ақы төлеу шығындары кірмейді.
Кремация жасалған адамдардың барлығы Қазақстан азаматтары
Кремация жасалған шетел азаматтары
Крематорий ғимаратының баланстық құны
Электр, газ желілері мен блок-модульдік қазандықтың құны
Әкімдік мәліметінше, Алматыдағы крематорий ғимаратының баланстық құны 1,57 млрд теңге болған. Бұған электр және газ желілері мен блок-модульдік қазандықтың 182,6 млн теңгелік құны қосылады. Осылайша инженерлік инфрақұрылымды қоса есептегенде, нысанның жалпы баланстық құны 1,75 млрд теңгеден асады.
Сонымен қатар 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы 30 қазанға дейін крематорийді күтіп-ұстауға және оның жұмысын қамтамасыз етуге 94,8 млн теңге жұмсалған. Бұл қаражат электр энергиясы, газ, су және кәріз қызметтеріне ақы төлеуге, инженерлік жүйелерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге, қоштасу залын жөндеу және безендіруге, байланыс пен интернетке, жобалық және экологиялық құжаттаманы әзірлеуге, газ жабдықтарына қызмет көрсетуге, сондай-ақ мамандарды оқыту мен қызметкерлердің еңбекақысына бағытталған.
Крематорий қызметкерлерінің төрт айдағы еңбекақы қоры 7,6 млн теңгені құраған. Ал жалпы шығындар есебіне негізгі құралдардың 65,6 млн теңге көлеміндегі амортизациясы да енгізілген.
Басқарманың хабарлауынша, крематорийді пайдалануға беру, күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу және қызметкерлердің еңбекақысына байланысты барлық шығын «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Оқи отырыңыз:
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026