Миллионер Байсейітовке тиесілі банк цифрлық қаржы активтері алаңына қатысады
Миллионер Байсейітовке тиесілі «Банк ЦентрКредит» Қазақстан қор биржасындағы (KASE) Цифрлық қаржы активтері (ЦҚА) алаңының қатысушысы әрі эмитенті атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Енді банк платформада мәміле жасасып қана қоймай, өзінің цифрлық активтерін де дербес шығара алады.
Бұл қадам нарықтағы өтімділікті арттырып, бизнес пен институционалдық инвесторларға жаңа қаржы құралдарын ұсынады.
Барлық операция биржалық стандарттарға сай және Ұлттық Банктің қадағалауымен өтеді.
Қазір платформада 12 компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Halyk Finance, BCC Invest, Fonte Capital, Private Asset Management, Pax Finance, Alta Telecom, NGDEM Global Limited, Paidax Limited, «Standard инвестициялық компаниясы» АҚ және BI Development Ltd. бар.
Бұған дейін Қазақстандағы ең бай адам – Вячеслав Кимге тиесілі банк цифрлық активтер нарығына бет бұрғаны хабарланған.
Банктің дауыс беретін акцияларының 51,76%-ы Бақытбек Байсейітовке, ал 11,92%-ы Владислав Лиге тиесілі. Қалған акциялар өзге заңды және жеке тұлғалар арасында бөлінген. Ол Қазақстандағы ең бай 75 бизнесменнің арасында 16-орында тұр. 2025 жылғы мәлімет бойынша оның байлығы 580 млн долларға жеткен.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026