Полиция жасөспірім жүргізген көлік дөңгелектеріне оқ атты
Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жайнақ ауылында полицейлер автокөлікті қуған, деп жазады Kursiv.Media.
Halyqstan хабарлауынша, кейін көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім отырғаны анықталды.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Осылайша, ол жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген.
«Автокөлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін полицейлер қызметтік атыс қаруын қолданып, көліктің дөңгелектеріне оқ атты. Осыдан кейін көлік тоқтатылып, ұсталды», – деп хабарлады полиция.
Нәтижесінде жасөспірімнің әкесі бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кететін жайт, Түркістан облысында жолда жарысқан 6 көлік жүргізушісі жазаланды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026