Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Булат Өтемұратовтың компаниясы OLX Қазақстанды 81 млн долларға сатып алды

kz.kursiv.media

Булат Өтемұратовтың компаниясы OLX Қазақстанды 81 млн долларға сатып алды

«Верный Капитал» компаниялар тобы OLX Қазақстанның 100% үлесін OLX Group-тен сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Мәміле Beeline Қазақстанның портфельдік компаниясы арқылы жүзеге асқан. Сатып алу құны – 81 млн доллар. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

Мәміле барлық реттеуші рәсімдер аяқталғаннан кейін жасалған.

OLX Қазақстан – елдегі танымал онлайн хабарландыру платформаларының бірі. Компания мәліметінше, платформаға ай сайын шамамен 9 млн белсенді қолданушы кіреді. Бұл елдегі белсенді интернет аудиториясының 52%-дан астамына тең. Платформада тауарлар мен қызметтерді сатуға, жұмыс іздеуге, көлік пен жылжымайтын мүлік туралы хабарландыру жариялауға болады.

«Верный Капитал» инвесторы Булат Өтемұратовтың айтуынша, OLX-ті сатып алу компанияның инвестициялық портфелін кеңейтумен қатар, күнделікті қолданылатын цифрлық қызметтер нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Біз үшін бұл жай ғана инвестициялық портфельді кеңейту емес, күнделікті қолданылатын цифрлық қызметтердің инфрақұрылымына салынған инвестиция. Хабарландыру платформалары қолданушыларды, шағын бизнесті және жергілікті нарықтарды байланыстыру арқылы экономикада маңызды рөл атқарады. Біздің міндетіміз – платформаның мықты тұстарын сақтай отырып, оны дамыту және технологиялық мүмкіндіктерін күшейту», – деді ол.

Мәміле нәтижесінде Beeline Қазақстан қолданушыларына цифрлық қызметтердің кеңейтілген жиынтығын ұсына алады. Компания OLX платформасын өз экожүйесіне біріктіруді жоспарлап отыр.

VEON бас атқарушы директоры Каан Терзиоглу бұл мәміле цифрлық оператор стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды кезең екенін атап өтті.

«Біз жұмыс істейтін барлық нарықта миллиондаған адамға қаржы, медицина, білім және ойын-сауық салаларындағы цифрлық қызметтерді ұсынатын экожүйелерді дамытып келеміз. OLX Қазақстанды сатып алу арқылы портфелімізді елдегі жетекші онлайн хабарландыру платформасымен толықтырамыз», – деді Каан Терзиоглу.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар