Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

80 дереккөзден түседі: Smart Data Finance жүйесінде 20 млн адамның дерегі жинақталған

kz.kursiv.media

80 дереккөзден түседі: Smart Data Finance жүйесінде 20 млн адамның дерегі жинақталған

Үкімет елдегі жеке тұлғалара, кәсіпкерлер мен компаниялар туралы бүкіл деректерді бір жүйеге жинап жатыр. Осы мақсатта мемлекеттік мекемелер жүйесіне BigData енгізіліп, Smart Data Finance жүйесі құрылады. Бұл жүйеге 20,4 млн жеке тұлға, 1,9 млн жеке кәсіпкер және 584 мың заңды тұлғаның дерегі жиналған.

«Smart Data Finance жүйесі – мемлекеттік қаржының өзіндік миы, оған бүкіл салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бойынша сыртқы және ішкі дерек көздерінен ақпарат келіп түседі», – делінген Қаржы министрлігінің шолуында.

Бұл жүйеге 80 дереккөзден келіп түскен мәліметтер жинақталады. Осы деректер негізінде салық автоматты түрде есептеліп, камералдық бақылау жүргізіледі. Яғни адамның қанша қаржысы, қандай дүние-мүлкі бар екені, қанша ақша айырбастағаны, қандай ақция-облигация, алтын сатып алғаны, инвестиция салғаны тіпті қанша ақшаға бәс тіккені мен айына қанша ақша жұмсайтыны, қанша кредит төлейтіні, қайда барып демалғаны, қаншаға билет сатып алғаны жайлы ақпараттың бәрі бар

Қазірге дейін осы деректерді талдаған салық органдары 322 млрд теңге қосымша салық есептелген.

«SDF даму шеңберінде декларацияларды алдын ала толтыруды кеңейту, камералдық бақылауды жетілдіру, бюджет кірістері мен шығындарын болжау және ЖИ қолдану арқылы тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту жоспарланған», – дейді қаржымин.

Кәсіпкерлерге көмек көрсету республикалық орталығының директоры Дмитрий Казанцевтың айтуынша, салық органдары әр азаматтң тапқан табысы, кірісі мен шығысы, жұмсаған ақшасы жайлы егжей-тегжей ақпарат жинап, бақылап отыр. Салықшылар әйтеуір бір күні кірісің мен шығысыңдағы айырманың себебін сұрап, салық төлегеніңді талап етеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар